Ер адам қызының туу туралы куәлігін рәсімдеу кезінде қиындықтарға тап болған

1 511

Фото: ©gov.kzҚазақстандық әйел баласының туу туралы куәлігін онлайн рәсімдеу кезінде баланың аты-жөнін көрсетуде қиындықтарға тап болғанын айтып, шағымданған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық ата-аналар баланың туу туралы куәлігін онлайн тіркеу кезінде қалаған аты-жөн нұсқасын ақпараттық жүйе арқылы рәсімдеу әрдайым мүмкін бола бермейтіне шағынданған. Баланың тегінің соңы "-ов", "-ева" жалғауымен аяқталса, жүйе әкесінің атын "ұлы", "қызы" нұсқасында тіркеуге мүмкіндік бермейтін көрінеді. Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтың аты-жөні тегін және есімін қамтиды, ал әкесінің аты қалауы бойынша көрсетіледі. Қазақ ұлтына жататын азаматтар қалауы бойынша тегі мен әкесінің атындағы "-ов", "-ев", "-ова", "-ева", "-ович", "-евич" және басқа да жалғаулардан бас тартып, олардың орнына "ұлы" және "қызы" нұсқаларын қолдана алады. Сонымен қатар заңнамада тегінің орнына әкесінің атын "ұлы" немесе "қызы" жалғауларымен қолдануға да рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, әдетте, әкесінің аты бөлек көрсетілмейді. Министрлік заңнамада "ұлы" және "қызы" нұсқаларындағы әкесінің атын "-ов", "-ев", "-ова" немесе "-ева" жалғауларымен аяқталатын тектермен бірге қолдануға тыйым салынбағанын атап өткен.

"Заңнамада ата-аналарға баланың аты-жөнін аралас нұсқада жазуға тыйым салынбаған. Алайда аты-жөнді рәсімдеу кезінде қазақ тілінің грамматикасын ескерген жөн", – делінген министрлік хабарламасында. 

Әділет министрлігі заңнамада қазақ ұлтына жататын азаматтардың тегі, аты және әкесінің атын бірнеше нұсқада рәсімдеуге мүмкіндік берілгенін атап өткен. Министрлік мысал ретінде "Ахметов Серік Айбекович" деген аты-жөнді келтіріп, оны бірнеше нұсқада рәсімдеуге болатынын көрсетті:
- “Айбекұлы Серік" – әкесінің аты "ұлы" жалғауымен тегінің орнына қолданылады, әкесінің аты бөлек көрсетілмейді.

- “Ахмет Серік Айбекұлы" – тегі "-ов" жалғауынсыз жазылып, әкесінің аты "ұлы" нұсқасымен рәсімделеді.

- "Айбек Серік Айбекұлы" немесе "Айбек Серік" – тегінің орнына әкесінің аты қолданылады.

Егер банк қосымшасы арқылы баланың аты-жөнін таңдау мүмкін болмаса, азаматтар баланың тууын мемлекеттік тіркеуге өтінішті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы, сондай-ақ ХҚКО-ға немесе азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы бере алады.