«ҚазАвтоЖол»: Жолда көлік бұзылса, тегін көмек көрсетіледі

1 500

Сурет: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық трассаларда көлігі бұзылған немесе дөңгелегі жарылған көліктердің жүргізушілеріне көмек көрсету үшін серпінді жобаны бастады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба бойынша жолға арнайы техникалық көмек пикаптары шығып, бұзылған көліктердің жүргузішілеріне тегін қызмет көрсетеді. Пикаптардың түсі қызғылт сары. Олар арнайы жарық сигналдарымен жабдықталған. Сондықтан олар алыстан анық көрінеді.

Қазір пикаптар Астана – Аршалы мен Астана – Теміртау бағыттарында жұмысын бастады. Көмекке шақыру үшін 1403 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіледі.

Мамандар дөңгелек ауыстыруға, техникалық ақау кезінде алғашқы көмек көрсетуге, қажет болса көлікті сүйреп шығаруға көмектеседі. Жаңа сервис жүргізушілерге жедел көмек көрсетіп, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Енді жүргізуші «ҚазАвтоЖолдың» байланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің орналасқан жерін операторға айта алады. Өтініш қабылданғаннан кейін оқиға орнына техникалық қызмет экипажы жіберіледі.

«ҚазАвтоЖолдың» жаңа сервисінің басты мақсаты – республикалық трассада қиын жағдайға тап болған жүргізушіге жедел көмек көрсету және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дегенмен «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге барынша сақ болуды, жылдамдық режимін қатаң сақтап, көлік арасындағы арақашықтықты ұстануды ескертеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.