Ауа-райы: Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

331

"Қазгидромет" РМК  23-25 қазанға  арналған ауа райы болжамын жариялады- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

“Қазақстан аумағының басым бөлігіне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне ықпал етеді. Тек Қазақстанның батыс өңірлеріне ғана Солтүстік циклон жырасы әсер етіп, ауа температурасы төмендейді.

Бірақ фронталды жүйелер елдің барлық аймақтарына ықпалын жалғастырады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады”, – дейді синоптиктер.