Маңғыстауда құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға АҚШ гуманитарлық көмек беретін болды

342

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің грантының арқасында Қазақстанның Қызыл Жарты Ай ұйымы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан қатты зардап шеккен үй шаруашылықтарына қаржылай көмек көрсете бастады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ең қатты зардап көрген 225 үй шаруашылықтары негізгі қажеттіліктері мен қысқы азықтарын сатып алу үшін қаражат алады. Барлығы 1 254 адам 33 млн теңгеден астам жәрдемақыға ие болатын болды.

Жергілікті халық үшін мал шаруашылығы негізгі табыс көзі болғандықтан үздіксіз жалғасқан құрғақшылық үлкен зиянын тигізіп отыр.

АҚШ-тың шетелге көмек көрсету жөніндегі жоғары федералды үкімет агенттігі (USAID) климаттың өзгеру салдарын алдын алу мен оның зияндарымен күресу үшін Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Қазақстанның Қызыл Жарты Айы адам қайғысын жеңілдету, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау және адамдар қадір-қасиетін құрметтеуді қамтамасыз етуді көздейтін Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының әлемдік желілерінің бөлігі болып табылады.