Жапонияда өздігінен басқарылатын жүрдек пойыз алғаш рет сыналды

338
Жапонияның JR East теміржол компаниясының қызметкерлері алғаш рет өздігінен басқарылатын жүйесі бар «синкансэн» экспресін сынақтан өткізді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні таңертең жүргізілген сынақ кезінде 12 вагоны бар шапшаң жүретін пойыз жүргізушісі автоматты режимге өткізген соң, қолмен қандай да бір араласусыз жұмыс істеді. Е7 сериясындағы пойыз диспетчерлік пунктен қашықтықтан басқарылған.

Бұл – Жапонияда өте шапшаң жүретін пойыздың автономдық жұмысының алғашқы сынағы.

Түпкі мақсаты машинистсіз жүретін пойыз болғанымен, сәрсенбіде өткізілген сынақ кезінде қандай да бір төтенше жағдайға әзір болу үшін оның ішінде бірнеше жүргізуші мен қызметкер болған.

Ниигата стансасынан 5 шақырымға жуық жолдан өтіп, берілген максималды жылдамдық – сағатына 110 шақырымға жеткен пойыз синкансэн Ниигата вокзалында тоқтады.

JR East ресми өкілі автономды пойыздың тоқтау әдісі машинист жұмысына «тең келетінін» айтып, компания оны әлі де жетілдіру жұмыстарын жүргізетінін қосып өтті.

Жапонияда темір жолда автоматты басқару жүйелері жердегі және өткелдері жоқ кейбір монорельсті жолдарда енгізілген.