Алматы ең арзан қалалар тізіміне енді
Алматы әлемдегі ең азрзан мегаполистер қатарына енді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Worldwide Cost of Living 2021 сайты келтірген деректер бойынша Алматы қаласы қымбат қалалар тізімінде 169 орынға тұрақтады.
Британиялық Economist Group компаниясы тұрғындар саны миллионнан асатын 173 қаланы таңдап алған. Сарапшылар жүзден аса тауар мен қызмет бағасына, тұтынушылық тауарлар мен жанармай, коммуналдық қызмет және жалға алу құнына талдау жүргізген.
Мысалы, жанармай бағасы бойынша Гонконг (2,5 доллар) бірінші орында. Екінші орында Амстердам (2,18 доллар) және үшінші орынға Осло (2,06 доллар) қалалары орналасқан.
Әлемдегі ең арзан қалалардың ондығына мына қалалар енді:
164. Лусака (Замбия);
164. Буэнос-Айрес (Аргентина);
166. Алжир (Алжир);
167. Ахмедабад (Үндістан);
168. Карачи (Пәкістан);
169. Алматы (Қазақстан);
170. Тунис (Тунис);
171. Ташкент (Өзбекстан);
172. Триполи (Ливия);
173. Дамаск (Сирия).
Тель-Авив 2021 жылы баға көрсеткіші бойынша Париж бен Гонконгты басып озып, әлемдегі ең қымбат қала атанды. Бұл Израиль валютасының доллармен салыстырғандағы беріктігімен байланысты. Сонымен бірге бір жыл ішінде жылдамдаған инфляцияда себепкер болды. Мамандардың айтуынша, соңғы бес жылда баға айтарлықтай өсіп, 3,5%-ға тең болған.
Қымбат қалалар тізімінде алғашқы үштікте Париж және Сингапур қалалары бар. Алғашқы ондыққа Цюрих, Гонконг, Нью-Йорк, Женева, Копенгаген, Лос-Анджелес, Осака енген.