Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен оқушы ауруханада көз жұмды

336

Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен  оқушы жансақтау бөлімінде көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Шымкент қалалық денсаулық басқармасының хабарлауынша, жасөспірім ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген. Оны аман алып қалу мүмкін болмаған. 

"2005 жылы дүниеге келген жасөспірімге реанимациялық көмектің барлық түрі көрсетілді. Оған бас миының ауыр жарақаты, мидың ісінуі, ішкі құрыстарының жарақаты, ауыр дәрежедегі травматикалық шок диагнозы қойылған. Науқасты нейрохирург, хирург, травматолог, реаниматолог дәрігерлері қарап, консилиум жүргізді. Өкінішке орай жасөсіпірім көз жұмды, — деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы. 

Бұған дейін Шымкентте 16 жастағы қыз 5 қабаттың терезесінен құлап кеткенін жазған болатынбыз. Оқиға Асар-2 ықшам ауданында болған. Аталған жайтты Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша СДТБТ-де тіркеді.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.