Мектеп жарылды деп жалған ақпарат таратқан
530
Бүгін Қызылорда қалалық білім ордаларының бірі Ә.Молдағұлова атындағы № 173 орта мектепте жарылғыш зат орналастырылды деген жалған ақпарат түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп қызметкерлерінің біріне «таңғы сағат 04:00 шамасында жарылғыш зат орналастырылып, жарылды», деп хабарласқан. Хабар ТЖД мекемесіне түскен бойда жедел жасақ оқиға орнына жіберілген болатын. Осы орайда
«Бізге ақпарат келісімен 5 техника мен 25 қызметкер жұмылдырылып, оқиға орнына жеткен болатын. №173 мектеп жарылды деген ақпарат келген. Алайда, мектеп жарылмаған десекте сақтық шаралары қолға алынды»,-деп хабарлады ТЖД лейтенанты Мақсатбаев Әлібек.
Естеріңізге сала кетсек 12 қаңтар күні де облыстық әкімшілікке сағат 13:06 шамасында жарылғыш зат орналастырылды деген хабар беріліп, ТЖД нен 44 кызметкер 11 техника оқиға орнына келіп жеткен болатын. Полиция қызметкерлерімен шақырту орны қоршалып, тиісті шаралар жүргізілген болатын.
Сонымен қатар, төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат таратудың жазасы оңай болмайтынын назарларыңызға саламыз.
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ