Депутатқа тіл тигізген ақтөбелік тұрғын оған 100 мың теңге төледі

311

Ақтөбелік әлеуметтік желіде облыстық мәслихат депутаты Амангелді Есеркеповты балағаттаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, депутатты балағаттаған ақтөбелікке қатаң жаза қолданылуы керек еді. Алайда оған рақымшылық жасалды.

Былтыр жазда Ақтөбе облыстық білім басқармасының Facebook парақшасында ауылшаруашылық колледжінің директоры Амангелді Есеркеповтың зейнетке шыққаны туралы жазба жарияланды. Сол жазбаның астында желі қолданушыларының бірі "ақымақ", "мақұлық", "кәрі шал" деген балағат сөздер жазып, пікір қалдырған. Қапа болған депутат пікір жазған адамды сотқа беріп, үстінен қылмыстық іс қозғады.

Сотталушы бұрын ауылшарушылық колледжінде Алғашқы әскери дайындықтан сабақ беріп, Амангелді Есеркеповтың өзі прокурор қаулысымен жұмыстан шығарып жіберген оқытушы болып шықты. Сондай-ақ, ол өзінің кінәлі еместігін, Facebook-те ешқандай аккаунты жоқтығын айтты.

Сот әлеуметтік желіде сотталушының аккаунты барын және психологиялық-филологиялық сараптама қорытыныдысы бойынша ол жазған сөйлемде әдепсіз, адамды қорлайтын сөздер барын анықтады.

Сотталушыға жасалған рақымшылыққа байланысты, ол 50 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасынан босатылды. Алайда, ақтөбелік тұрғын депутатқа ақылақтық зиян келтіргені үшін оған 100 мың теңге көлемінде ақша төлейді. Осы іс бойнша жұмыс істеген адвокаттардың 500 мың теңге еңбекақысы тағы бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.