Көпбалалы ананы кредит үшін өлтірді – қылмыстың мән-жайы

434
Атырау облысында жеті баласы бар әйелді кредит үшін пышақтап өлтірген ер адам он жылға сотталды.

Сотта осы қылмыстың мән-жайы айтылды, деп хабарлайды "Ак Жайык".

Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы наурыз айында жеті баласы бар 35 жастағы келіншек Күлсары қаласының 25 жастағы танысынан кредит алып беруді сұраған. "Алтын Алқа" иегері ай сайынғы төлемдерді уақытында төлеуге сөз берді.

Бірақ баспаханада еден жуушы болып жұмыс істеген әйел уәдесін орындай алмады. Кредит алып берген ер адам оны сол үшін өлтірген. Қараша айында ол келіншекті аңдып, жұмыстан шыққан жерінде пышақтап кеткен. Көпбалалы ана алған жарақатынан қайтыс болды.

Оның артында жеті баласы мен күйеуі қалды. Үлкен баласы колледже оқиды, ал кенжесі бес жасқа толды. Қандықол қылмыскер әйелге 8 жерден пышақ салған.

Сот үкіміне сәйкес, ер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оның өз кінәсін мойындағанын және полицияға өздігімен келгенін ескерді. Тергеу шараларына да белсенді атсалысты.