Пробация қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

329
22.02.2022 жылы Қызылорда қалалық пробация үйінде   сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында жиын өтті,- деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі.

Жиында ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны  А.Кыясов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік әдеп қағидалары,  қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы,  мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс - қимылдарға қарсы тұруы, заңмен белгіленген шектеулерді сақтау жөнінде мәселелерді түсіндірді.


Жиын соңындаа Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ж.Есмаханов әрбір мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке,  адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып,  өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындап , тиісті деңгейде жұмыс атқару керек екендігін айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.