Путин Қазақстаннан да әскер сұрап отыр

436
Владимир Путин Ресей әскері Украинада көп шығынға ұшырағаннан кейін одақтастарынан көмек сұрай бастады,- деп хабарлайды turkystan.kz TCH телеарнасына сілтеме жасап.

Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де Ресейдің соғысқа барлық жақтан резервтер тартып жатқанын, Тынық мұхиттағы флот теңізшілері мен Таулы Қарабақта тұрған бітімгерлерді әкелгісі келетінін айтты.

Сонымен бірге, ол Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің басшыларына қайта-қайта шығып, Украинадағы соғысты жалғастыруы үшін өзіне көмекке әскер күшін беруді сұрап, жалынып отырғанын жеткізді.

Бұл ретте ҰҚШҰ-ға мүше елдер қатарында Ресейден басқа, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері бар екенін ескерген жөн.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.