Қазақстандағы жұмыссыздар деңгейі ең жоғары өңірлер аталды

478

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екінші жыл қатарынан өзгеріссіз қалып отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол 4,9 пайызды құрады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

 Бұл ретте жұмыссыздар саны бір жылда 0,6 пайызға азайып, 450 мың адамды құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,6 пайызға өскен.
Қала мен ауылдағы жұмыссыздар санындағы айырмашылық айтарлықтай байқалады. Қалалардағы жұмыссыздық деңгейі жыл басына қарай 5 пайызды құраса, ауылдық жерлерде жұмыссыздық бір жылда 4,8 пайыздан 4,7 пайызға төмендеді.


Өңірлер арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша Түркістан облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр – 5,1 пайыз. Олардан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы – 5 пайыз көрсетті.



Сонымен қатар, жұмыссыздардың ең көп саны Алматы мен Алматы облысында тұрады. Белгілі болғандай бұл өңірлердің үлесіне жұмыссыз жүрген 100 мыңнан астам адам келеді.