Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда пәтерден өлі табылды
250
39 жастағы Қазақстан азаматы Батыр Оспанов Оңтүстік Кореяда қайтыс болды. Ер адамның денесі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.
Ер адамның денесін Шымкентке жеткізу үшін отбасы үш жарым миллион теңге жинауы керек. Алайда қазақстандық шетелде заңсыз жұмыс істегендіктен, қиындықтар туындаған.
Қайғылы оқиға бір апта бұрын болған. Туыстарының айтуынша, Батыр анасының өлімі туралы жаңалықты көтере алмаған болуы мүмкін.
Марқұмның артында 14 жастағы ұлы, 12 жастағы қызы мен әйелі қалды.
Кейінгі 5 жылда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 36 азаматы қаза тапты, қаза тапқандардың туыстары мәйітті алуға ақша тапқанға дейін көпшілігі бірнеше апта бойы мәйітханада жатты. Қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін 36 мың қазақстандықтың 10 мыңға жуығы ғана жұмыс визасын ашқан.

"Батырмен байланысқа шықтық, анасының денсаулығы туралы хабардар етіп отырдым. Ол қатты уайымдады. Анасының қайтыс болғанын естіген кезде оның жүрегі шыдамаған шығар. Ол бұған сене алмады", - деді марқұмның әйелі Замир Оспанова.
Марқұмның артында 14 жастағы ұлы, 12 жастағы қызы мен әйелі қалды.
Кейінгі 5 жылда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 36 азаматы қаза тапты, қаза тапқандардың туыстары мәйітті алуға ақша тапқанға дейін көпшілігі бірнеше апта бойы мәйітханада жатты. Қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін 36 мың қазақстандықтың 10 мыңға жуығы ғана жұмыс визасын ашқан.
"Мысалы, Кореяда айына миллион табуға мүмкіндік болса, біздің азаматтар мұндай табысқа қызығушылық танытып, миллиондардың артынан кетеді. Бірақ олар сақтандырусыз жұмыс істейді. Ресми ақпарат бойынша, олар елшілікте де, Сыртқы істер министрлігінде де тіркелмеген. Олар тек билет сатып алып, ұшып кетеді. Сондықтан, екі ел арасында жұмыс визасы ашылса, әрбір отандасымыздың жеке басы сақтандырылатынын билікке айтқымыз келеді. Мұндай қайғылы жағдайларда мемлекеттік сақтандыру компаниялары шығындардан құтқарып, денені қысқа мерзімде елге жеткізеді", - деп мәлімдеді "Корея көмек" қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов.