Қошанов: Назарбаевтың ар-намысы қорғалады, көлігі, күзеті, зейнетақысы өзінде қалады

537
Конституциядағы өзгерістерге сәйкес, экс-президент туралы норма бұрынғы президентке қандай құзыреттер береді? Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері қойған осы сұраққа Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жауап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біріншіден, ар-намысы мен абыройын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, зейнетақысы бар, көлігі бар,күзеті бар осы мәселелерді қамтамасыз ету мемлекет тарапынан бұл құзырет беріледі», - деді Ерлан Қошанов Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазір конституциялық кеңестің қарауында жатыр. 

«Президент арнайы жиын өткізгенін білесіздер. Сол жиында бәрін талқылап, жұмыс тобының есебін тыңдады, содан кейін Конституциялық кеңеске жіберді. Конституциялық кеңес сол жобаны жариялады. Жұмыс тобы қандай баптар ұсынып отырғанын жақсы білесіздер. Соның ішінде қазір сіз сұрап отырған бап Елбасының мәртебесі туралы ғой. Бұл жерде Елбасының мәртебесі, артықшылықтары алынып тасталды. Тек қана осы мемлекеттің  негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана сол Конституцияда қалды. Ал бұл норма қабылданғанннан кейін Тұңғыш Президент туралы конституциялық заң күшін жояды деп күтілуде», - деді ол.

Назарбаев – «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деген норма Конституцияға енгелі отыр. Оның айтуынша, біріншіден, Тұңғыш президенттің ар-намысы мен абыройын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, зейнетақысы бар, көлігі бар, күзеті бар осы мәселелерді қамтамасыз ету мемлекет тарапынан бұл құзырет беріледі.
 
«Біз әзірге жобаны ғана талқылап тұрмыз ғой. Референдум арқылы ма, Парламент арқылы ма – қандай жолмен талықаланатыны алдағы уақытта белгілі болады. Парламент те халықтың өкілі», - деді Ерлан Қошанов.