Ақмола облысында ерлі-зайыпты мен олардың егіз балалары өртеніп кетті

280

Ақмола облысында пәтерден өрт шығып, соның салдарынан бір отбасындағы төрт адам көз жұмды. Қайғылы жағдай Красный Яр ауылында болған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, өрт 5 мамыр күні түнгі сағат төрттер шамасында тұтанған.

Екіқабатты үйден шыққан өрт салдарынан екі бала және олардың ата-анасы қаза тапты. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығуына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

1991 жылы туған ер адам мен 1993 жылы туған әйелдің, сондай-ақ 2018 жылы туған екі баланың мәйіті табылды. Құтқарушылар жеткенше 1964 жылы туған әйел мен оның 2015 жылы туған немересі терезе арқылы өз беттерімен шығып үлгерген,— делінген ТЖД хабарламасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.