Әскери қызметшілердің балалары мұражайда болды
231
Әскери қызметшілердің балалары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы орайда Қызылорда гарнизонында балаларға арналған түрлі іс-шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналғанын атап өткен жөн. Демалыс күндері әскери қызметшілердің балалары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, ондағы бай тарихи жәдігерлермен танысты.
Шараны ұйымдастырудағы мақсат жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін жетілдіру, балалардың бойында өткен тарихқа деген құрметті қалыптастыру болып отыр.
Балалар мұражайдағы қазақ халқының зергерлік, этнографиялық бұйымдарымен, екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған қару-жарақ түрлерімен танысты. Әсіресе, оларды Қазақстанның тәуелсіздік жылдарына арналған жәдігерлер қызықтырды. Әскери қызметшілердің қыздары КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваға арналған экспозиция ерекше таңдандырғанын атап өтті.
«Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген. Балалардың музейден еліміздің мәдениетімен, туған өлке тарихымен танысып, таным-түсініктерін молайтып шыққаны анық.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров

– Балалар жылына арналған шаралардың бірі – тарихи-өлкетану мұражайына саяхат болды. Бүгінгі шарамыз Халықаралық балалар күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұражайды тамашалау барысында балалардың өткен тарихымызға ерекше қызығушылық танытқанын көріп қуандым. Әскери қызметшілердің балаларымен осындай рухани маңызы бар шараларды алдағы уақытта да жиі-жиі өткізіп тұру жоспарда бар, – дейді Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімі командирінің орынбасары аға лейтенант Ақылбек Болат.