Жаңа министр балаларын Қазақстанда оқытуға ақшасы жетпей, Кипр мектебіне берген

450

Бүгін Үкімет отырысына жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрі жұмысқа кірісіп, ант қабылдады.

Осыдан кейін ол журналистер алдына шығып, өзіне және ғылым саласына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Жаңа министр Кипрде білім алып жатқан балалары жақын арада келетінін айтты.


26 маусымда олар елге қайтады. Сенбесеңіздер фотоесеп ұсынамын. Ол жаққа жіберуге 3 себеп болды. Біріншіден, әйелім мен балаларымның денсаулығы. Екіншіден, елімізде жекеменшік мектепте оқытуға ақшам жетпеді, сөйтіп, ұлыбританиялық жүйемен білім алды,— дейді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ ол өзіне қатысты алып-қашпа сөздерге де жауап берді.

Мен мұсылманмын. Салафизм болсын, басқасы болсын, еш жат діни ағымға қатысым жоқ. Менің атам молда, имам болған кісі. Сондықтан кішентайымнан дінге жақын болдым. Бекболат Тілеуханмен түскен фотода ештеңе жоқ деп ойлаймын,— дейді министр.

Ол Бекболат Тілеуханды ел ағасы ретінде әрі өнері үшін құрметтейтінін айтты. Осыдан кейін ол жаңа минситрліктегі әкімшілік жұмыстар әлі бітпегенін де мәлім етті.


Министрлік қағаз жүзінде құрылды. Менде әзірге кабинет те, кресло да, қарамағымда істейтін адам да жоқ. Менде ғылым саласын дамытуға қатысты идея көп. Сол бастамаларды, пікірлерді жүзеге асыруға мүмкіндік берілді, сондықтан қолым қышып жатыр,— деді Саясат Нұрбек.