Қазақ жігіттеріне тигенше, мысықпен жүргенім артық – блогер

1 545

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіге Айдана Альвий атты аккаунтпен тіркелген қазақ әйелінің дәл осындай видеоүндеуі ғаламторда қызу талқыланып жатыр.Ол өзінің жеке парақшасында қазақ жігіттерін мазақ қылған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Айдана әлеуметтік желіде түрлі тақырып төңірегінде сөз қозғайды. Ол кезекті постында оқырмандардың тарапынан өзіне жиі қойылатын сұраққа жауап берген.


"Маған неге жігітің жоқ, неге жігітсіз жүрсің" деп көбісі сұрайды. Жөні түзу жігіттер қайда? Осы қазақтың жігіттеріне қалай қарайсың? Быт-шыт қой. Жасы 28-де болса да қарындары салбырап тұрады ғой. Егер ол ақылды болса сәл кешіруге болады. Ал егер ол ақымақ, ақшасы жоқ жатыпішер және қарыны қампиған болса, ондай жігітке алай қарайсың? Құрысын, мен қарамаймын ондай жігітке. Одан да жалғыз жүргенім артық мысықпен. Иә, мысық?", —дейді блогер.


Бұл видеоны көрген қазақ жігіттері қатты ашуланған. Олар өз ұлтының азаматтарына тіл тигізген әйелге жағымсыз пікірлерін жазып жатыр.


"Мынау деген сұмдық қой. Әр ұлттың жақсы-жаманы болады. Саған жігіт қарамаса оған өзің кінәлісің. Қарны шыққандар қырындаса қатыны барларға ғана тартасың", "Айдана, өзіңіз қазақ жігітінен туылған жоқсыз ба? Неге қазақ жігіттерін жамандап жатырсыз?", "Қарындасым, артық кеттің. Жақсы жігіттердің жұмыстан қолы босамайды. Бес саусақ бірдей емес", "Маймылдың ұрғашысы, қазақтың жігіттеріне тіл тигізбе. Сол жігіттердің бірі сенің әкең болған", "Қазақтың жігіттері сен сияқты топасқа үйленбейді", "Қазақтың жігіттері саған қарамайды-ау. Сен сияқты ақымақты не істейді?", — деді ызаланған жігіттер.