Тимур Құлыбаев мұнай компаниясын мемлекетке қайтаратын болды

285
Еліміздегі мультимиллионердің көшін бастап тұрған Тимур Құлыбаев мұнай саласындағы Petrosun ЖШС компаниясының 49 пайыз акциясын мемлекетке қайтаратын болды. Бұл туралы ақпаратты бүгін Reuters агенттігі ҚР бірінші вице-премьері Роман Склярға сілтеме жасап таратты, деп хабарлайды.

Скляр Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Құлыбаевтың шешіміне қатысты пікір білдірмеді. Ал Тимур Құлыбаевтың өзімен байланысу мүмкін болмады,
делінген хабарламада.

Бұған дейін журналист Денис Кривошеев Тимур Құлыбаевтың компания акциясын мемлекетке 1 теңгеге сататынын айтқан.


Айтпақшы, Petrosun акцияларының 51 пайызы қытайлық SNPS компаниясына тиесілі. Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы жанар-жағармайдың көтерме сауда нарығының тең жартысын алып отыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.