Ауыз су құбырынан жылан шықты

360
Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылында ауыз су құбырынан жылан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Әлеуметтік желіде ауыл тұрғындарының су құбырынан жыланды алып жатқаны жайында видео тарады. Онда бір жарым мертлік жыланнаң су құбырына кептіліп қалғанын көруге болады. Өліп қалған жыланды суырып алу барысында екі жерден үзіліп кетті.

«Біздің колонкаға судың құбырымен жылан келіп тұр. Су келмей қалған соң, аштық. Сасып кеткен. Ішіп отырған суымыздың нәтижесі осы. Таңертең суды жылқы ішпей қойған» – дейді ауыл тұрғындары.

Ал, аудандық әкімдік пен суға жауапты мамандар тарапынан бұл мәселеге қатысты әзірге нақты жауап айтылмады.

Бәйдібек ауданы
Су құбыры