Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған білім ордасының сапасы сын көтермей тұр
Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған білім ордасының сапасы сын көтермей тұр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттiгi Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Kris_p_talgar желілік басылымы тұрғындардың ренішін жариялапты.
Төбесінің жұқа болғаны сонша, оның үстінде жұмысшылар жүргеннен кейін бәрін басып тастаған.
Ылғалдан төбесі ісініп кеткен, қабырғаларда жырақтар бар, спорт алаңдары кір, яғни жауын суы басып кетіп отырады.
Олар жаңа мектепте дәретханалардың далада болғанына наразы. Дегенмен мектеп ішінде де әжетханалар бар көрінеді.
Алматы облысы баспасөз қызметіне жағдайға қатысты Informburo.kz басылымына түсініктеме берген.
Оның айтуынша, жақындап келе жатқан оқу жылына қарай және Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Алматы облысындағы жаңа және ескі мектептердің барлығына әжетханалар орнатылды. Көшеде спортпен шұғылданатын мектеп оқушылары үшін сырттағы дәретхана өте ыңғайлы. Сондай-ақ, аудан орталығындағы суды апатты жағдайда тоқтатқанда сырттағы дәретхана да пайдалы болуы мүмкін.
Жаңа мектептің қолайсыз жерде, Инкубатор маңындағы айналма жолдың бойында салынғанына да тұрғындар наразы. Мұнда қаладын тек бір автобус жүретін көрінеді. Оның өзі жиі жүрмейді деп пікір қалдырыпты желі қолданушылары.
Оның үстіне ата-аналар әлі күнге дейін орыс тілді балалардың мектепте оқи ала ма, алмай ма білмей отыр.
Қала тұрғындары бәріне жергілікті билікті кінәлауда.