Ақтауда итбалық ер адамға шабуыл жасап, тістеп тастаған

257

Ақтауда ер адам Каспий жағалауында демалып жүрген кезде итбалықтың шабуылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Лада" басылымына сілтеме жасап. 


фото. Лада.кз

Сөзінше, достарымен демалып жүргенде итбалықтың алыста жүзіп жүргенін көрген. 

"Сосын жарты сағаттай шомылдық. Барлығы судан шықты, ал мен жалғыз қалдым. Сол сәтте күтпеген жерден итбалық шабуылдады. Барлығы итбалықтарды сүйкімді жануар деп ойлайды. Бірақ олай емес, олар да жыртқыш және теңізде өз құрбандарын іздейді. Егер достарым болмағанда ол мені жеп қояр еді", – деді Нұрлан Наурызбеков. 



Оқиға Rixos Water World Aktau қонақүйінің маңында болған. 
Еске салайық, Ақтауда 14-ші шағын ауданда балалар суға түсіп жатқан жағалауға жақын жерде кішкентай итбалық балаларға шабуыл жасап, қыздардың бірінің қолынан, екіншісінің иығы мен арқасынан тістеп алған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.