Талдықорғанда балалар мектепке аяқтарына пакет киіп баруға мәжбүр

179

Қазнет қолданушылары мектепке аяқтарына пакет киіп, шаң басқан жолдың бойында кетіп бара жатқан балалардың видеосын белсенді таратып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушылар яақтарына пакет киіп мектепке барады

Видеодағы мәліметке сүйенсек, Ащыбұлақ саяжай қоғамынан Талдықорғандағы мектепке юалалар дәл осылай аяқтарына пакет киіп баруға мәжбүр.

Балаларымыз күнде мектепке осылай кетеді. Біздің көшелер қашан қалыпты жолға айналады? – дейді видеоның авторы.

Пікір білдірушілер еліміздің әртүрлі аймақтарында ұқсас жағдайлардың қалыптасып жатқанын өкінішпен атап өтеді:

  • көктемде не болады?
  • толық әрекетсіздік;
  • біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз...;
  • Үштөбеде де. Қара туфлимен мектепке жеткенше шаң болады, тіпті шұлықтың ішіне дейін шаң толып қалады

Өз кезегінде Талдықорған қаласының әкімдігі жарияланған видеоға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта «Ашыбұлақ» саяжай қоғамдастығына орталықтандырылған су желілері тартылуда. Жұмыстар 30 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтілуде.