Алматыда қызды күштеп көлікке отырғызған: Қыз өзін алдап екінші рет алып қашқанын мәлімдеді
Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісінің Hyundai көлігін тоқтатып, қызды шығаруын талап еткен видео тарады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Видео авторының сөзінше, қызды көлікке күштеп отырғызған. Кейін видеодағы қыз өзін алдап екінші рет алып қашқанын мәлімдеді.
Алматыда түсірілген видеоны Анастасия Беручева есімді желі қолданушысы жариялаған. Видеодан көліктегі қыздың дауысын естуге болады.
"...Үш ер адам қызды көлікке күштеп отырғызды. Абай даңғылы бойында, Фурманов пен Шевченко арасында. Видео 18:04-те түсірілді. Видеодан кейін олар Саин көшесіне бұрылып кетті", – деп жазды әйел.
Полиция департаментінде видео қатысушыларының толық анықталғанын, ал қыздың көлікке өз еркімен отырғанын мәлімдеді.
Дегенмен кейін видеодағы қыз өзін алдап екінші рет алып қашқанын айтты. Сөзінше, видеодан кейін олар полиция бөлімшесіне барған. Алайда алып қашқан ер адам үйіне апарып тастайтынын, бірақ бұл үшін арызын кері қайтаруы керегін айтыпты. Хабарламаны желі қолданушысы жариялады.
Қыздың сөзінше, ер адаммен мектеп кезінен таныс. Алайда 1,5 жыл бұрын ғана желі арқылы сөйлесе бастаған.