Қарағанды облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысынан төрт адам көз жұмды

291

Фото: polisia.kzҚарағанды облысында Алматы-Екатеринбург тас жолында жүк көлігі мен автобус соқтығысып, төрт адам көз жұмды. Оқиға 19 қыркүйекте 19:30 шамасында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Апат салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. 
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 11 жолаушы болған.


Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.