Екі бұттың ортасына тықты: Тұрғындардың прокурорға тап берген видеосы тарады

479
Әлеуметтік желіде бір топ тұрғынның прокурор формасын киген ер кісігіне тап бергенін көрсететін бейнежазба тарады. Жұртшылық өздерін видеоға түсірген құзырлы орган өкіліне наразы болса керек, жабылып ұялы телефонын тартып алуға тырысады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.



Бейнежазбаны Instagram-дағы @saryagashcity паблигі жариялады. Автордың мәліметінше, жол апатының куәгері болған полицейлер оқиға орнынан кетіп қалған. Тұрғындар тәртіп сақшыларының осы әрекетіне наразы болған.

"Полицейлерден қашып келе жатқан "Жигулидің" жүргізушісі "Аудиге" соғылған. Ал қуып келе жатқан тәртіп сақшылары жол апатын көріп, кетіп қалған. Халық полицейлердің бұл қылығына ашуланып, олар келсін деп талап қойып еді, қашқан полицейлер келді" деп жазылған желідегі жазбада.


Видеодан жолды жапқан бір топ тұрғынды көруге болады. Оларға прокурор формасын киген, қолына ұялы телефон ұстаған ер кісі әлденені түсіндіріп тұрады. Бірақ жұртшылық оның сөзімен келіспей, арада ерегіс басталады.


Шалбарыңды шешіп таста дедім. Сөзіңе жауап берсейші. Не істейді сенің группаң?
 дейді тұрғындардың бірі.


Осы сәтте бірнеше ер кісі прокурорға тап беріп, қолындағы телефонын тартып алуға тырысады. Ал құқық қорғау органының өкілі ұялы телефонын екі бұттың арасына тығып, бермеуге талпынғанда, тұрғындардың бірі оның мойнын қайырып алады. Бұл оқиға бірнеше полицейдің көз алдында болған.


Видеодан жол жиегінде тұрған көліктің мемлекеттік нөмірі Шымкент қаласына тиесілі екенін байқауға болады. Ал Қалалық Полиция департаментіндегілер оқиғаның шаһарда емес, Түркістан облысында болғанын айтып отыр. Енді облыстық Полиция департаментіндегілер бейнежазбаға қатысты мән-жайды анықтап жатыр.