Қызылордада заң қызметкері заң талаптарын өрескел бұзған

1 801
Қызылорда облыс әкімдігі мекемесінің алдында қоғам белсендісі  Тәуекел Күзембаев заң талаптарын өрескел бұзған тәртіп сақшысын анықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Әрдайым әділдікке араша сұрап, ақиқатқа қол жеткізіп, қоғам арасындағы олқылықтар мен өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасап жүрген қоғам белсендісі Тәуекел Күзембаев заң бұзушылықтың орын алғандығын
Youtube  арнасына жүктеген бейнежазбасынан аңғаруға болады.

Менің басты ұстанымым өзім қызмет алатын мекемелердің заң талаптарын орындауына және бағынуына аса мән беремін.  Оған себеп бір емес бірнеше мекемеге жүгінгенімде заң талаптарын алға тартып үстемдік жасайтын. Енді сол заң талаптарын мемлекеттік мекеме қызметкерлері өздері неге орындамайды?,- дейді Тәуекел Күзембаев.

Жол көлік полициясының патрульдік қызметкерлерін шақырып, қауіпсіздік белдігін тақпаған қызметкерді анықтаған болатын. Тексеру барысында көлік иесінің сақтандыру құжатына енбегендігі де анықталды.



Ол аздық еткендей  майор шеніндегі қызметкердің көлік жүргізу куәлігінің болмауы анықталып отыр. Оның ішінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593 – бап 2 тармақшасы бойынша 5АЕК, ал 612- баптың 2 тармағы бойынша  20 АЕК бойынша айыппұл салынып, автокөлік айыппұл алаңына қойылатындығы аталып өтті.