Диплом аламын деп 500 мың теңгесінен қағылды

222
Шымкент тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Диплом алып беремін деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында болды.

17 қазанда сағат 17:25-те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бес жылдан бергі танысы колледждердің бірінен диплом алып беремін деп 500 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.


Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Кентау қаласының 24 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.