"Әйел мен еркек тең бе"...

554
Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Алматыда өткен феминистер шеруіне қатысты пікір білдірді. Исламтанушы ғалым "әйел мен еркек тең бе?" деген сұраққа жауап берді.
Қайрат Жолдыбайұлы ер мен әйелді аяқ киімнің екі сыңарына теңеді. 
"Аяқ киімнің жұбы тең болғанымен бірдей емес. Оңын сол аяғыңа, солын оң аяғыңа кие аласың ба? Кие алмайсың. Күштеп кисең аяғыңды ауыртып, екі басы екі бағытқа қарап тұрады. Бұлай ұзақ уақыт жүре де алмайсың. Әйелден еркек жасау да солай. Әйел мен еркек тең бе? Тең! Бірақ бірдей емес", - дейді Қайрат Жолдыбайұлы.
 Дінтанушы ер мен әйелдің болмысына сай мінезі мен міндеті болатынын атап өтті. 
"Әйел баласы бала тапса, табиғатына сай аналық міндетін атқарғаны емес пе? Әйел күйеуіне дәмді тамағын ұсынып, киімін жуып, жағдайын жасап жатса, мұны кем болғаны үшін емес, ерін, балаларының әкесін құрмет тұтқаны үшін жасайды. Отбасы жылуын арттыру үшін істейді. Еркек пен әйел еш айырмашылықсыз бірдей болғанда, Алла еркек-әйел деп бөліп жатпай бір ғана жаратылыс жасар еді", - дейді ғалым.