СЫР БОЙЫНАН СЫРЛЫ ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

807

Қазақ АКСР-інің астанасы болған Қызылорда қаласының тарихы  тереңде. Бүгінде Сыр өңірінің түкпір-түкпірінінен бағалы заттар табылып, зерттеуге алынуда. Соның ішінде арнайы жоба барысында, алғашқы экспедициялық құнды жәдігерлер табылды,-  деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан қаламыздың тарихын баяндайтын көне жәдігерлерімізге ең алғашқы экспедициялық жоба ХІХ ғасырда Алаш жұртының рухани көсеміне айналған Марал ишан Құрманұлының ұрпақтарында сақталған жәдігерлерді зерттеуден басталған. Қармақшыда тұратын Марал ишан ұрпақтарынының сақтаған мөріндегі арабша жазуды түркітанушы ғалым Серікбай Қосановтың қатысуымен тәржімаланып «Қалмұхаммед ибн Марал ишан, хиджраның 1247 жылы» деп жазылғаны анықталып отыр. Десек те, ұрпақтарының айтуынша 1830-1835 жж. жасалған мөр осыған дейін Марал ишандікі саналып келгендіктен, аса қызығушылық танытқан зерттеушілер де болмаған. 1815-1870 жылдары өмір сүрген Қалқай ишан Бұхара мен Бағдат қалаларының медреселерінде ілім алып, елге келгеннен кейін мешіт-медресе ұстап, жастарды руханиятқа сусындатып қана қоймай, елді еңбекке баулығандығы да  белгілі болды. Шығыстың қисса-дастандарын жатқа білген, тіпті жырларды жазып жинақтаған, Ишан туралы халық ауызында көптеген аңыз-әфсаналар сақталған.
Сонымен бірге Қалқай ишанның (Қалмұхаммед) немересі Әмит ишанның (Абдулхамид) біраз дүниелері бар.  Оның ішінде бас киімі, қанжарының күмістелген былғары қыны, араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған кітаптарды  ерекше атап өтуге болады.

Сонымен қатар қазіргі уақытта бір кітаптың жалпы мазмұны аударылып, авторы мұсылман дінінің көрнекті өкілі, тарихшы Мұхаммед Мұрад Рәмзи, Ресей империясының құрамындағы түркілердің тарихына арналған «Талфик ал-ахбар ва талких ал-асар фи вакаи» атты екі томдық тарихи еңбек екені анықталды. Араб тіліндегі екі томдық тарихи еңбек төрт тарау арқылы тарихи оқиғаларды хронологиялық кесте бойынша сипаттайды. Кіріспеде түркілердің шығу тарихы мен дамуы  және олардың көршілермен қарым-қатынасы баяндалған. Бірінші бөлімінде Еділ Бұлғариясының тарихы мен монғолдар жаулап алғанға дейінгі халқы сипатталса, екінші бөлімінде моңғол шапқыншылығы, алып мемлекет Алтын Орданың құрылуы және олардың Исламды қабылдауы туралы қамтылған. Үшінші бөлімінде Иван Грозныйдың Қазанды жаулап алуына дейін және сол кезде болған оқиғалары сипатталады. Төртінші бөлімде автор үшін жаулап алынған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазан және оның тұрғындарымен байланысты оқиғалар айтылады. Сонымен қатар, Мұрад Рәмзи өз жұмысының соңғы бөлімінде өз заманының жүзге жуық қоғамдық, саяси, діни, мәдени қайраткерлері туралы қысқаша биобиблиографиялық ақпарат беріп өткен. 

Автор шығармашылықпен Медина қаласында  болған кезінен бастап  айналысқан. Бірнеше рет Ресей империясына қарасты Бұқара өлкесіне келеді. Араб, парсы және түркі тілдеріндегі дерек көздерін, оның ішінде қолжазбаларды автор өз жұмысына пайдаланады. Осы арқылы шығарма бірқатар артықшылықтарға ие болады.

Кітап 1908 жылы Орынборда «Каримов, Хусаинов және К» баспаханасында жарық көреді. Көп ұзамай билік тарапынан «Автордың христиандар әлеміне және жалпы орыстың бәріне арам пиғылмен және жеккөрушілік қатынасы» деген пікірмен дәлелденіп тәркіленеді. Алайда кедергіге қарамастан кітап шығыс елдеріне тез тарайды. Қазіргі таңда сирек кездесетін кітаптар тізіміне енген. 

Алдағы уақытта  кітаптың көшірмесін жасап музей қорын толықтыру көзделуде. Әмит ишан туралы да ел аузында қызықты деректер сақталған. Әкесі Әбдірахман мақсұм Меккеге қажылыққа сапарында Осман сұлтаны ІІ Абдулхамидпен танысып, зор сыйластықта болған. Сұлтанның өтінішімен 1906 жылы дүниеге келген ұлына азан шақырып Абдулхамид есімін береді. Кейін жергілікті халық Әмит деп атап кеткен екен.

 
«Исламның діни мифологиясынан пайда болған аңыз әпсаналарға иландыратын 2017 жылы арнайы жоба жүргізілді. Биыл 5 жыл қатарынан Қызылордадан 86 объект кірді. Оның ішінде 74 –і облыстық дәрежеде қалған  12-сі республикалық дәрежені иеленді. Былтыр сәуір айында облыстық телевидениемен бірігіп «Құнды жәдігер»  деп аталатын жобаны қолға алдық. Сол жоба негізінде Бұқарбай батырдың қылышы, мөрі, найзасының шашағы табылды. Соң шөбересі Осман Сұлтан Абдул Хамит кітабының  көшірмесін таптық», - дейді  Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Сайлау Асхат Қожагелдіұлы.

Сонымен қатар жоба барысында табылған тағыда біршама жәдігерлерімізді қала тұрғындарына ұсыну үшін, ақпан айында үлкен көрме өтетіндігін де тілге тиек етті. Жалпы осы жобаның негізінде көптеген әулие-әнбиелердің құнды жәдігерлері табылып, ел назарына ұсынылып жатыр. Бүгінде Сыр бойында табылған құнды жәдігерлеріміз Қызылорда облыстық мұражайында сақтаулы тұр.  Көне тарихтың куәсіне айналған мәдени мұраларды   қала тұрғындары орталық мұражайдан  көздерімен көріп, қолдарымен ұстай алатындай толық мүмкіндіктері бар.  Қазіргі таңда өз тарихын білемін деген әр ұрпаққа  кез-келген мүмкіндіктер  

 АЙ-ТҰМАР