Шоқан Уәлихановтың өмірі мен мұрасына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

523
Елордада «Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» атты кітаптың тұсаукесері өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кітап қазақтың ғалымы, саяхатшы, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына орай жарыққа шықты.


«Бұл туынды да Шоқанның өмірі мен шығармашылығына қатысты бұрын-соңды жария етілмеген дүниелер бар. Оның архив және басқа да дерек көздерін зерттей келе анықтадым. Осы орайда Шоқанның өмірбаяны мен оның қалдырған мұрасы толыға түсті десем де болады. Әрине, Шоқан Уәлихановқа қатысты әлі де ашылмаған сыр мен дерек жетіп жатыр. Оған қатысты зерттелетін дүние көп. Мысалы, ғалымның қайтыс болған күніне қатысты әлі күнге дейін нақтылық жоқ. Бірде Әлкей Марғұлан Шоқанды өмір бойы зерттеу керек деген еді. Сондықтан да Шоқан тақырыбы қай уақытта да маңызды. Мен өз шығармамда Шоқанды ғалым, ағартушы емес қарапайым адам ретінде зерттеп, оның адамгершілік қасиетіне тереңірек тоқталып өттім. Толығырақ кітаптан оқып жатарсыздар деген үміттемін», - деді тарихшы, кітаптың авторы Жарас Ермекбай.

Автор айтуынша, қазақ ағартушысы жайлы мәлімет жинауға 25 жылға жуық уақытын жұмсаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.