Қамшыбек Қоңқабаев WBA рейтингісінен шығып қалды

1 943
Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Аса ауыр салмақта қазақстандық Иван Дычко бұрынғыша 15-орында тұр.

Бұл дивизионда әлем чемпионы украиналық Александр Усик екені белгілі. Рейтингте бірінші орын бос болса, конголық Мартин Баколе екінші, америкалық Деонтей Уайлдер үшінші сатыда.

Бірінші ауыр салмақта осыған дейін төртінші орында болған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингіден шығып қалды. Серік Мұсаділов 15-орында тұр. Франциялық Арсен Гуламирян суперчемпион болса, ТОП-3-те кубалық Юниэль Дортикос, ұлыбританиялық Крис Биллам-Смит және ресейлік Алексей Егоров тұр.

Тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағанбет екінші орта дивизионда 9-дан 8-ге көтерілді. Үздік үштікте америкалықтар Калеба Планта мен Деметриуса Андраде, канадалық Эрик Базинян келеді. WBA Super чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Орта санатта Геннадий Головкин WBA Super әлем чемпионы болып қалып отыр. Жай чемпиондық белдік кубалық Эрисланди Лараға тиесілі. Аустралиялық Майкл Зераф көш бастаса, аргентиналық Серхио Мартинес пен америкалық Остин Уильямс өкшелеп келеді.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев сәйкесінше 12-інші және 13-орнын сақтады. Бұл салмақта чемпион – доминикандық Эктор Луис Гарсия. Рейтингте америкалық Ламонт кіші Роуч, грузиялық Отар Эраносян және мексикалық Лео Санта Круз бастапқы үштікте.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта 5-тен 6-ға сырғыды. Мұнда бірінші орын – бос, жапониялық Томоки Камеда екінші, мексикалық Кевин Гонсалес үшінші орында. Негізгі WBA Super чемпионы атағы өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевке тиесілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокс федерациясы Қамышбек Қоңқабаевтың «Странджа» турнирінде рингке неге шықпағанын түсіндіргенін жазған болатынбыз.

Қамшыбек Қоңқабаев Болгария астанасы Софияда өткен «Странджа» турниріне қатысып, онда 1/8 финалда өзбекстандық Баходир Жалоловпен рингке шықпай қалған еді.