Дмитрий Попко халықаралық турнирді жеңіспен бастады

2 512

Фото: ашық дерек көзіАТР рейтингінің 358-орнындағы қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Буэнос-Айресте өткен турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық спортшы турнирдегі алғашқы матчта аргентиналық Сантьяго Родригес Тавернаға қарсы ойнады. Кездесу үш сетке созылды. Үшінші сетте бірінші және екінші ойынның тең нәтижесі Дмитрий Попконың тағы бір жеңісіне ұласты (7:6, 0:6, 7:5). Попко мен Тавернаның кездесуі екі сағат қырық минутқа созылды. Қазақстандық екінші айналымда бразилиялық теннисші Уилсон Лейтке қарсы ойнайды. 

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Australian Open турнирінің алғашқы айналымында үндістандық Сумит Нагалдан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Ал әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіске жеткен еді.