UEFA Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жарыстың екінші сатысына тұңғыш рет жолдама алды

391
Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия 53 жылдан соң чемпион атанды Футбол: «Барселона» түлегі «Қайратқа» ауысты Футболдан Қазақстан кубогы: Алғашқы тур ойындары аяқталды Еске салсақ, екі команда 7 шілдеде Израильдегі кездесуде 1:1 есебінде тең ойнаған болатын. Сондықтан бүгін жеңіске жеткен клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алатын еді. Ойын басынан қазақстандық клуб қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 10-минутта бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав «Қайратты» алға шығарды. Екінші кезеңде Айбол Әбікен 66-минутта өзінің мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Бұдан кейін де қос команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше сәт болған еді. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен жеңіп, екінші іріктеу сатысына жолдама алды. Еске салсақ, «Қайрат» бұдан бұрын аталған доп додасында 2005/06 жылғы кезеңде бақ сынады. Бірінші іріктеу сатысында Словакияның «Артмедиа» клубын алдымен 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін сырт алаңда қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп қойды. Жарыстың келесі сатысына «Артмедиа» жолдама алды. «Қайрат» жарыстың екінші сатысына тұңғыш рет жолдама алып отыр. Енді «Қайрат» жарыстың екінші сатысында 22 және 27 шілде күндері Сербияның «Црвена Звезда» командасымен кездеседі. Аталған ұжыммен алматылық клуб 2015/16 жылғы кезеңде Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысында қапы қалдырған (2:0, 1:2) еді.