«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

2 543

Фото: sportplustv.kz/Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады.


«Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсті. 16 рет қарсыластарына есе жіберді. Осы кезеңде «Қайрат» ФК академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында алғашқы ойынын өткізді. «Сары-қаралардың» ұжымы Кирилл Сергеевичке атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруін тілейді. Алдағы 4 мамырда өтетін «Атыраумен» болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастарға» басшылық еткен Рафаэль Уразбахтин дайындайды», делінген ресми мәлімдемеде.