Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

2 530

Фото ©️ olympic.kzАлматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 1-орын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстаннан кейін екінші орыннан 2 алтын, 1 күміс иеленген Қытайлық Тайпей командасы орналасты. Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді. 

Құрлық додасында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншіледі. 


Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова,  Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова) ; жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина); ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров); жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина): ерлер арасындағы жекелей сынынан (Николя Винокуров) және қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.