Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медаль иегері
532
Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар жарысының қола медалін болгариялық Георгий Вангеловпен сарапқа салды. Қазақстандық балуан 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Нұрислам Санаев жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равиге есе жіберген. Ал ширек финалда жапон Юки Такахасиден басым түссе, 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді.
30 жастағы Санаев Ресейдің Чадан қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Ақтөбе облысы атынан өнер көрсете бастады. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, алғашқы жекпе-жегінде жеңілген. Бірақ кейін жұбаныш жекпе-жегіне шығып, тағы да қарсыласына жол берген еді.
Кейін 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс, 2019 жылы қола медаль алған. 2018 жылы Азия чемпионы атанған.
Осылайша, Қазақстан қоржынынанда алты қола медаль бар.