Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

2 521

Фото: Спортты дамыту дирекциясыСингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Матадан және доппен топтық жаттығулардың финалында үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық гимнастшылар құрлықтық біріншілікте бірінші орынды иеленді.

Kоманда бес лентамен орындалған жаттығуларда екінші орынды иеленді. Бұған дейін спортшылар топтық жаттығуларда көпсайыста жеңіске жеткен болатын. Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы лентамен орындалатын жаттығуда алтын, ал көпсайыста қола медаль жеңіп алды.