«Рақмет, Серік!». Жаманқұлов құрамадағы соңғы матчын өткізді

400
Кеше футзалдан Еуропа чемпионы іріктеу кезеңінде бесінші топтың соңғы матчы өтті. 

Бұл ойын Қазақстан үшін де, Израиль үшін де маңызды болмады, себебі құрамамыз екі тур бұрын топ жеңімпазы атанып, құрлықтың жарысқа жолдама алып қойған. Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака мен «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков команда жеңім сериясын жалғастыратынын айтқан. 

Бұл Серік Жаманқұловтың құрамадағы соңғы матчы болды. Жаманқұловтың есімін айтқанда ұлттық құрамадағы жетістіктер еске түседі. Қазақстан құрамасының ойыншысы ретінде 2016 жылы ақпанда ол футзалдан Еуропа чемпионатында қола медаль иеленген.

Сонымен қатар, 2016 жылы футзалдағы «Месси» Рикардиньомен бірге, Жаманқұлов Еуропа чемпионаты үздік сұрмергендерінің үздік бестігіне енген. 

Клубтық деңгейде Серік Жаманқұлов «Қайрат» сапында Қазақстанның он дүркін чемпионы атанып, УЕФА кубогында екі рет иеленген. Қазақстан құрамасы сапында 58 матч өткізіп, 22 гол соққан.