Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Ерболат Сабыр 1/8 финалға өтті

290

Фото: Prosports.kz.13 сәуірде Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. 20 қазақстандық - 10 ұл мен 10 қыз - алтын үшін таласады.

Жарыстың бірінші күні 56 келіге дейінгі салмақта Ерболат Сабыр өнер көрсетті. Ол венгр боксшысын жекпе-жек барысында екі мәрте нокдаунға жіберіп, сенімді жеңіске жетті.

Осылайша Сабыр 1/8 финалға жолдама алды, келесі жекпе-жегі 17 сәуірде Латвия спортшысына қарсы өтеді.
14 сәуірде Кельцедегі А рингінде Кенже Мұратұлы 52 келіге дейінгі салмақта шотландиялық Леннон Муллиганға қарсы, ауыр салмақта Мади Амировке итальяндық Лука Тистареллиге қарсы жұдырықтасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.