Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында жартылай финалға шықты

367
Алты боксшымыз әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

54 келіде шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан жарыстың 1/8 финалында канадалық Скарлетт Дельгадоны айқын басымдықпен жеңді. Ол жартылай финалда сербияллық Елена Жекичпен кездеседі.


52 келіде жұдырықтасқан Жайна Шекербекова кезекті кездесуінде жапониялық Ринки Киношитаны жеңіп, ширек финалистер қатарына қосылды.


Ширек финалға шыққан бұрымды боксшыларымыз:
Алуа Балқыбекова (48 кг)
Жайна Шекербекова (52 кг)
Дина Жоламан (54 кг)
Карина Ибрагимова (57 кг)
Валентина Хальзова (70 кг)
Гульсая Ержан (81 кг).