Юлия Путинцева Будапешт турнирінің ширек финалына өтті
578
Әлемнің 32-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 125-орында тұрған бразилиялық Лаура Пегоссимен кездесті.
Бірінші партияда Юлия 3:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласына есе жіберді - 4:6. Содан кейін ойын тізгінін өз қолына алды - 6:1, 6:2.
Екі сағат 16 минутқа созылған кездесуде Путинцева 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.
Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 97-ракеткасы украиналық Леся Цуренкомен кезедеседі.