Қазақстандық өнер иесі Үндістандағы кинофестивальға қатысуда

411
Әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестиваліне қатысу үшін Үндістанға сапармен барды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Аталған кинофестиваль Мумбаи қаласында 27 қаңтарда басталып, 31 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл іс-шараға Өзбекстан, Түркия, Қазақстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Мьянма, Армения, Шри-Ланка елдерінің өкілдері қатысып жатыр.

Таратылған мәліметке қарағанда, кинофестиваль барысында ШЫҰ елдерінен 57 фильм ұсынылады. Димаш Құдайберген онда Қазақстан атынан қазылар алқасының құрамында болады.

Кинофестивальдің ашылуы рәсімінде танымал қазақстандық әншінің өнерін барша әлем елдері жоғары бағалап отырғаны айтылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.