Танымал франциялық суретші Астанаға мурал салуға келеді

2 610

Фото: ru.freepik.comЕлордада биыл шілде айында танымал франциялық суретші спорт тақырыбында мурал салады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұдан бөлек, Францияның Қазақстандағы елшілігі бочче және футболдан спорттық жарыс, фотосурет көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


"Келесі аптада Астанадағы Паралимпиадалық оқу орталығында инклюзия және паралимпиадалық спортты қолдау мақсатында бочче және футболдан шағын жарыс өткіземіз", - деді Дидье Канесс Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаевпен кездесуінде.


Ол Астана әкімдігі мурал салуға рұқсат бергенін айтты. Мурал Қазақстан мен Франция арасындағы достықтың символына айналады деп күтіліп отыр.


Қабырға суретінің ашылуы 8 шілдеге жоспарланған. Ал, Астанадағы «Атырау» көпірінде танымал суретшінің қазақстандық және франциялық спортшыларды бейнелеген сурет көрмесі ұйымдастырылады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.