Ақбота Сейітмағамбеттің жазбасы елді алаңдатты

335
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде аса мұңға толы жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі баянсыз махаббат туралы сөз қозғаған.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында аса мұңды фотомен бөлісті. Суретте әнші жылайын деп тұрғандай кейіпте бой көрсетті. Оған қоса, ол аталмыш фотоның астына махаббатқа қатысты аса әсерлі жазба қалдырды.


 "Сенің суық жүрегіңе қаншама махаббатты төктім. Қаншама рет сол мұздай жүрегіңде тайғанақтап құладым. Жараландым. Қайта тұрып, сол мұз жүректе махаббатпен асыр салып ойнап, бақытты болдым. Қанша таңдау тұрса да, мен әрдайым сезімнен тоңатын өмірді таңдадым", - деп жазған өнер иесі. 


Бұл жайт актрисаның оқырмандарын аса қатты алаңдатып қойған. Олар шоу-бизнес жұлдызына барынша қолдау білдірді. 


Қалың көпшілік Ақботаның мұңаюына сәтсіз некесі себеп болған деп болжауда. 
"Саған махаббат сыйлап, өзіңді құрметтеп өтетін жанды әлі де кездестіресің", "Қайғырма Ақбота, сенде бәрі жақсы болады. Бастысы, балаларың аман болсын", "Дәуренді ұмытқың келеді ме? Кейде жүрекке әмір жүрмейді", "Неге көздерің мұңға толы? Жүрегімді ауыртпашы", "Ақбота қатты қайғырмашы. Бәрі де жақсы болады. Алда сені керемет азамат күтіп тұрғанына сенімдімін", - деп жазуда көпшілік. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.