"Қолымыздан келгенді жасадық": Шоумен Мұрат Мұтырғановтың анасы қайтыс болды

469
Танымал әртіс әрі шоумен Мұрат Мұтырғановтың анасы Диана Мұтырғанова өмірден озды. Ол қауіпті онкологиялық дерт салдарынан көз жұмған. Бұл туралы шоуменнің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Отбасымызда қайғылы жайт орын алды. Бүгін біздің сүйікті анамыз қайтыс болды. Қолымыздан келгенше күрестік. Бірақ оба ауруын жеңе алмадық. Біздің анамыз тамаша жан еді. Ол адамзатты да, өмірді де, отбасын да, жануарларды да жақсы көретін. Жүрегі таза адам еді. Оны танитындар болса, өтінеміз, анамның рухы үшін дұға етіңіздерші. Анашым, сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жеріңіз жайлы болсын!", - деп жазды ол.