Ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті

2 708

Фото: ҚАЖД ҚызылордаҚылмыстық атқару жүйесі №60 мекемесінде  облыстық Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра - Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыс өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жазасын өтеушілер асық ату, ләңгі тебу және арқан тарту бойынша  өзара сайысты. Аталған жарысқа 13 жазасын өтеушілер қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Іс-шара соңында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы жазасын өтеушілерді «Құрбан айт» мерекесімен құттықтап, аталған іс-шараға атсалысқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.