Қазақ киносының онкүндігі бастау алды

2 440

 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі17 маусымнан бастап Талдықорған қаласында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ киносының онкүндігі» мәдени жобасы бас көтерді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс-шараның ресми ашылуы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Жоба аясында халқымыздың даңқты ұлы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы мен жарқын жетістіктері көркем бейнеленген «Қажымұқан» фильмі ұсынылды. Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Кино күндері аясында әртүрлі жанрдағы фильмдер көрсетіледі. Көрнекті тұлғалардың жүріп өткен жолын бейнелейтін «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» фильмдері, отанға деген сүйіспеншілікті пен әскери қызметкерлердің өмірін баяндайтын «Набат операциясы», «Патриоттар уақыты» туындылары көрерменге жол тартады. Сонымен қатар дәстүр мен ұлт болмысын ашып көрсететін «Бауырына салу» фильмі де көрсетіледі.







OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.