Ұлттық академиялық кітапханада түркі халықтарының әдеби мұрасына арналған дәріс өтті

2 506

ҚФото:© gov.kzазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы, қаламгер Сұлтан Раевтың қатысуымен әдеби дәріс өтті,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық  агенттігі  Aikyn.kz ақпараттық сайтына  сілтеме жасап.

Кездесуге зиялы қауым өкілдері, белгілі жазушылар мен ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мәдениет және білім саласының мамандары қатысқан.  Кездесу аясында түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасын насихаттау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болған. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру, ортақ рухани құндылықтарды жүйелі түрде дәріптеу бағытындағы ықпалдастық туралы талқыланған. Кездесу аясында «Түркі әлемі: Ортақ тамыр, ортақ мұра» атты көрме ұйымдастырылған. Көрмеге түркі халықтарының әдебиеті мен тарихын, рухани сабақтастығын айқындайтын еңбектер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылған.